"Ембімұнай" 10 мың тоннадан астам қауіпті қоқыс сақтаған

960

"Ембімұнай" 10 мың тоннадан астам қауіпті қоқыс сақтаған

Атырау облысында бірнеше кен орнынан мұнай өндіретін "Ембімұнай" АҚ сақтаудағы өнеркәсіптік қоқыстар көлемін жасырғаны үшін бюджетке 54 млн теңге төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Тексеріс барысында анықталғандай, 2017 жылы кәсіпорынның полигондарында 10 мың тоннадан астам қауіпті қоқыстар сақталған. Бірақ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларацияларында оның көлемі көрінеу азайтылып, 2,9 мың тонна деп көрсетілген. Жалған ақпараттың салдарынан бюджетке 50,1 млн теңге түспей қалған", - деп мәлім етті Атырау облыстық прокуратурасынан.

Прокуратураның актісі бойынша, мемлекет бюджетіне 50,1 млн теңге мөлшеріндегі салық және 3,9 млн теңге сомада өсімпұл өндіріп алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу