"Ертіс cinema" халықаралық фестивалінде 207 автор бақ сынайды

731

"Ертіс cinema" халықаралық фестивалінде 207 автор бақ сынайды

Павлодар облысында екі аптадан соң өтетін "Ертіс cinema" халықаралық фестиваліне режиссер Ермек Тұрсынов пен актриса Самал Есләмова қатысады. Мәдени шараның басты мақсаты – талантты жас сценаристер мен режиссерлерді және операторларды анықтау.

"Шараға қатысуға 20 елдің 207 авторы өтініш білдірді. Қазылар алқасының назарына ұсынылған туындылар түрлі жанр мен техникаларда орындалған", - деді ұйымдастырушылардың бірі Салауат Игіліков.

Кинофестивальдың қысқа тізіміне 70-ке жуық туынды іріктелді. Түрлі жанрларда түсірілген фильмдер жергілікті кинотетарларда тегін көрсетіледі.

"Ұйымдастырушылар комитеті шаралар каталогын әзірлеп, фестивальдің бағдарламасын нақтылады. Конкурстық және конкурстық емес жұмыстар үш күн бойы көрсетіледі. Фестивальге қатысуға Канн фестиваліндегі "Үздік әйел рөлі" аталымының иегері Самал Есләмова, режиссер, сценарист Ермек Тұрсынов келісім берді", - деді облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Исатай Хикметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу