"Еуразия апталығы" форумы ЭКСПО алаңында өтеді

568

"Еуразия апталығы" форумы ЭКСПО алаңында өтеді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Күн тәртібінде 24 мәселе қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Комиссия Кеңесінің отырысы барысында интеграциялық әлеуетке ие экономика саласына қатысты сұрақтар легі талқыланып, ішкі нарық аясында тосқауылды азайту, сондай-ақ "Антиконтрафакт" жыл сайынғы Халықаралық форумын өткізуді ұйымдастыру мәселелері қаралды. "Антиконтрафакт" Халықаралық форумы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы пікірталас алаңы. Мұнда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, осы саладағы халықаралық сарапшылар, бизнес-қауымдастық пен ғылым өкілдері ЕАЭО бірыңғай нарығын қорғап, өндірістік өнімнің заңсыз айналымы мен зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Кооперативті ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарының тізбегі анықталды. Ол өнеркәсіпті өңдеу салаларында кооперативті жобаларды жасауға ынталандырады.

Отырыс барысында  ЕЭК Кеңесінің мүшелері биыл тамыз айында "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында "Еуразия апталығы" форумын өткізу туралы шешім қабылдады. Форум ЕАЭО елдері үкіметі, бизнес және халықаралық сарапшылар үшін Одаққа мүше елдердің экономикасын дамытудағы өзекті сұрақтарды талқылап, стратегиялық шешімдерді әзірлеуге арналған алаңға айналмақ.

ЕЭК отырысында Еуразиялық экономикалық одақты әрі қарай дамытуға бағытталған барлық сұрақ бойынша өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу