"Еуразия Барысында" түрік балуандары жарыс жолынан шығып қалды

875

"Еуразия Барысында" түрік балуандары жарыс жолынан шығып қалды

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан "Еуразия Барысы" турниріне тұңғыш рет қатысып жатқан Жапония балуандары алғашқы айналымнан сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапониялықтар бірінші айналымда Түркиядан келген балуандарды 7:1 есебімен ұтып, келесі айналымға шықты. Осылайша түрік балуандары жарыс жолынан шығып қалды. Осыған дейін, Камерун,  Бразилия құрамасы қарсыластарынан ұтылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осы турнирдің жеңімпазы атанған командаға он миллион теңге, екінші орын алған құрамаға алты миллион теңге және үшінші орын иеленген командаға төрт миллион теңге беріледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу