"Фридом Финанс" облигациялары арқылы 980 миллион теңге қаражат тартты

791

"Фридом Финанс" облигациялары арқылы 980 миллион теңге қаражат тартты

"Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы Қазақстан қор биржасында (KASE) үшжылдық облигацияларын үлестіру арқылы 980 млн теңге қаражат тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметіне сілтемемен 7kun.kz хабарлайды.

2017 жылдың 1-17 шілде аралығында теңгенің долларға шаққандағы бағамының ауысуына байланысты индекстелген облигацияларды орналастырудың алғашқы жазылымы болды. Үлестіруге нақты бағасы 1 млрд теңге болатын облигациялар ұсынылды.

Мәлімдемеде облигациялардың теңгемен белгіленген бағалары көрсетілді. Сатып алушылар кез келген баға бойынша өтініш беруге құқылы болды.

Өтініштерді жинау уақыты аяқталғанда, KASE сауда жүйесіне 1 млн қағазды сатып алуға 37 өтініш түскен. Жеке тұлғалар тарапынан 35 өтініш (136,7 мың облигация), ал брокер-дилерлік компаниялар тұтынушыларынан (заңды тұлға) 2 өтініш (940,5 мың қағаз) түскен.

Барлық өтініштер активті деп танылды. Өтініштердегі минималды баға — 970,1 теңге, максималды баға — 980,2 теңге.

Осылайша, жалпы сұраныс қол қою барысында 1,1 млрд теңгеге жетіп, ұсыныс көлемінен 7,8 пайызға артты. Заңды тұлғалар тарапынан сұраныс — 918,6 млн теңге (жалпы сұраныстың 87,3 пайызы), жеке тұлғалар тарапынан — 134 млн теңге (12,7 пайызы).

Үлестіруінің қорытындысы бойынша, "Фридом Финанс" 1 млн облигация орналастыру рқылы 976,85 млн теңге қаражат тартты. Барлығы 37 келісімшарт жасалды.

Үлестіруге KASE қор нарығының 4 мүшесі қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу