"Хакатон" хакерлік марафонының жеңімпазы 1 миллион теңгені қанжығасына байлады

887

"Хакатон" хакерлік марафонының жеңімпазы 1 миллион теңгені қанжығасына байлады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған "Хакатон" хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды. Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. "Хакатон" марафоны елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба.

Шараға  студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен түрлі деңгейлі ІТ мамандардан құралған 50 адам  қатысқан. Олардың ішінен 8 ІТ маманның жобасы үздік деп танылған.

Қуаныш Тұрсынқұлұлының ақпараттық технологиялар саласында 8 жылдан бері еңбек етіп келеді.  Ол бұған дейін бірнеше компьютерлік бағдарламалар әзірлеп, Алматы, Астана қалаларындағы өткен республикалық додаларда топ жарған. Байқау қазылары Қуаныштың жобасын дер кезінде әзірлеген қажетті бағдарлама деп таныпты.

Алдағы уақытта крилицианы латын қаріпіне лезде ауыстыратын бағдарламаға қаржы бөліп, кең көлемде қолданысқа енгізу  жоспарланып жатыр. Ұйымдастырушылар мұндай жобаның алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу