"Харекет" қоры алты баланың анасына баспана кілтін табыстады

2155

Қор жұмысы "1000 теңгеге баспана" ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді.

"Харекет" қоры алты баланың анасына баспана кілтін табыстады

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының тұрғыны, алты баланың анасы Айнагүл Тасмағамбетоваға "Харекет" қоры үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Осыған дейін аталған қор 28 отбасыға үй берген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қор жұмысы "1000 теңгеге баспана" ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді.

Ақтөбе облысы бойынша беріліп жатқан екінші үй жалғызбасты Айнагүл Тасмағамбетоваға бұйырды. Алты баланы бір өзі тәрбиелеп отырған ана қазіргі таңда денсаулық жағдайына байланысты жұмыссыз.

"Жолдасым қайтыс болған соң, Жұрын ауылынан Қандыағаш қаласына келдім. Басында жұмыс істеп жүрдім. Кейін денсаулық жағдайыма байланысты шығып қалдым. Бір жағынан балаларым кішкентай болды. Үй мәселесі қиындау болғандықтан қордан көмек сұрадым. Міне, бүгін менің отбасымды қуантып жатыр. Баспана сыйлап жатқан "Харекет" қайырымдылық қорына алғысым шексіз. Еңбектеріне табыс тілеймін", — деді жалғызбасты ана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу