"Инфо-Цес" газеті жабылды

894

"Инфо-Цес" газеті жабылды

"Цесна" корпорациясы өзінің еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – "Инфо-Цес" газетін таратты, деп хабарлады корпорация.
"Инфо-Цес" газеті" ЖШС құрылтайшылары 2016 жылғы 30 желтоқсандағы жалпы жиналыстың хаттамасы негізінде оны тарату туралы шешім қабылдады.  Осыған байланысты еншілес кәсіпорынның таратылуы мемлекеттік органның талабы бойынша мәжбүрлі тарату емес екенін хабарлаймыз", – делінген компанияның Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламасында.
"Инфо-Цес" газеті Астанада апта сайын шығарылып келді. Ол ақпараттық  және  коммерциялық ақпарат жариялап тұрды.  Басылымның таралымы – 20 мың. Нарықта  20 жылдай жұмыс істеді.
"Цесна" корпорациясы – Қазақстанның ірі инвестициялық компаниясының бірі. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша корпорацияның негізгі акционерлері – Әділбек Жақсыбеков (37,19%), оның ұлы Дәурен Жақсыбек (36,75%) және Ә.Жақсыбековтың ағасы – Серік Жақсыбеков (11,15%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу