"Jordan" Геннадий Головкиннің құрметіне арнап киім шығарды

868

"Jordan" Геннадий Головкиннің құрметіне арнап киім шығарды

Атақты америкалық бренд "Джордон" отандасымыз орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне арнап, жаңадан тігілген спорттық киімдерін сатылымға шығарды хабарлайды Qsport.kz.

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің твиттер парақшасында жариялады. GGG атымен жазылған киімде қазақтың ою-өрнегі де белгіленген. Киімнің жақын арада онлайн сатылымға шығатыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин бұл компаниямен 2016 жылдың сәуірінде келісімшартқа отырған болатын. Отандасымыз "Jordan" брендін жарнамалайтын кіші Рой Джонс пен Андре Уордтан кейінгі үшінші боксшы болып табылады.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу