Қазақстан футбол Федерациясының бақылау-тәртіп комитетінің отырысы өтіп, алматылық "Қайрат" командасының жаттықтырушыларына айыппұл салынды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан футбол федерациясы сайтында жария болды, деп жазады egemen.kz
"Қазақстан футбол федерациясы "Қайраттың" бас жаттықтырушысы Кахабер Цхададзеге матчтың ресми өкілдеріне бейәдеп сөз айтқаны үшін 300 мың теңге айыппұл салады", — делінген ҚФФ сайтында.
Дәл осындай әрекеті үшін "Қайрат" жастар командасының жаттықтырушылары Сергей Лабодовский мен Андрей Травинге де 100 мың теңге көлемінде айыппұл белгіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу