"Қайрат" Мәскеу облысының Щелково аймағында футзалдан өткен дәстүрлі "Еременко Кубогы" жарысының үшінші кезеңінде СК КПРФ командасын ұтты, деп хабарлайды КТК.
"Қайратқа" Игитаның командаға қайта оралғаны пайдасын тигізді. Ол әдемі ойын көрсетуімен қатар гол да салды. Коммунистер қақпасына 7 гол салып, 3 гол жіберіп алған Еременко Кубогының қазіргі иегері КПРФ командасын турнирде бірінші болып тізе бүктірді. КПРФ, "Қайрат" пен "Норильский Никель" командалары топтық кезеңді 6 ұпаймен аяқтады. Ал латвиялық "Никарс" бірде бір ұпай ала алмады.
Турнир жеңімпазы салынған доп санымен есептелді. Осы ретте Еременко Кубогын тарихта төртінші рет жеңіп алған Какау командасының нәтижелері өте жоғары болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу