"Қайрат" сапынан тағы бір футболшы кетеді

1099

"Қайрат" сапынан тағы бір футболшы кетеді

Андрей Аршавиннің ізімен алматылық "Қайрат" сапынан тағы бір футболшы кетеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Исаэль "Қайратқа" 2014 жылы ауысқан болатын. Клубпен бірге төрт рет Қазақстанның вице-чемпионы атанды, тағы бір мәрте қола медаль иеленді. Одан бөлек, бразилиялық футболшы үш рет ел Кубогында жеңіске жетсе, екі мәрте Суперкубок алды.

Алматылық клуб сапында Исаэл 120-дан астам матчқа қатысып, 37 гол соқты. Transfermarkt.de порталының бағалауы бойынша, Исаэльдің трансферлік құны 2 млн еуроны құрайды.

Айта кетейік, футболшы өз мансабында "Қайраттан" бөлек бразилиялық "Ресифе", "Коритибу", "Форталезу" және "Сан-Каэтано", түркиялық "Гиресунспор", португалиялық "Насьонал" және ресейлік "Краснодар" сапында ойнады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу