Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкиннің "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жегі тек олардың талаптары орындалса ғана өтетінін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл жолы мексикалық боксшының өкілдері GGG-ға "ал немесе кет" принципіне негізделген талабын қоймақ.
"Эрик Гомес Том Леффлермен келіссөздер жүргізуде. Қазіргі кезде "Канело" 168 фунтқа көтерілді, түсініксіз себептермен Головкин олай ешқашан жасағысы келмеген. Егер 15 желтоқсанда "Канело" жеңіске жетсе, ол орташа салмаққа қайта оралып, үздіктермен қайта айқасатын болады. Ал Головкин айқасқысы келсе, оған ұсынылатын тиісті сома бар. Егер ол айқасқысы келмесе, онда біз басқа біреумен бокстастыратын боламыз. Мен Головкинға қандай сома ұсынатынымызды айта алмаймын, бірақ "Канело" қазіргі ұсынысқа өте риза. Головкин, өз істеріңді атқара бер, дайын болғанда,есігімізді қағарсың, біз де саған дайын боламыз", - деді Де ла Хойя Fight Hub-қа берген сұхбатында.