Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша құлдырай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындыларына сәйкес, Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы жеткізілімдері бойынша фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында барреліне 0,73 доллардан 63,61 долларға дейін төмендеген.
Ал WTI маркілі мұнайдың Нью-Йорктің тауар биржасындағы бір баррельінің бағасы сәуірдегі жеткізілімдер бойынша 1,03 доллардан 60,12 долларға дейін арзандады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу