"Қара алтын" ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты

927

"Қара алтын" ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде заңсыз мұнай тасымалдап, 2013-2016 жылдар аралығында ірі мұнай компаниясының "қара алтынын" ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты. "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары Кенжағали Бүркітов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде 1 жыл бойы тергелген қылмыстық іске үкім шықты. Қылмыстық кодектің "Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылуы заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу", "Тауар белісі заңсыз пайдалану", "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау және өткізу", "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру", "Ұрлық" баптары бойынша айыпталған қылмыстық топ 5 жылдан 10 жылға дейін сотталды.

"Сотталушы Мейірбек Нияров мұнай ұрлығы қылмысына қатысқаны үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оның жеке мүлкі тәркіленіп, 3 жылға басшылық қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын. Олжас Жанауыт 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленсін", - деді судья Гүлнар Тілепова.

Айта кетейік, сотталушы М.Нияров "Казинтрейд" ЖШС директоры, ал О.Жанауыт менеджері болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, сотталушы Ерсін Таңжарықов 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ операторы болып жұмыс істеген. Ал "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары Кенежеғали Бүркітов Қылмыстық кодекстің "Лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану" бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға сотталды. Сотталушы Ардақ Тәжіғалиұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қылмыстық іс кезінде тәркіленген жеңіл көліктер мен жүк көліктері, сотталушылардың мүлкі мемлекет есебіне қайтарылады. Іс материалына сүйенсек, 2013-2016 жылдары кен орындарынан мұнай ұрлап сатқан қылмыстық топқа "Арлан" арнайы жасағы командирінің орынбасары Кенжеғали Бүркітов көмектескен. Ол өз қызметіне ай сайын 2 миллион теңге сұраған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу