"Қара" тізімдегі жолаушыларға ұшуға тыйым салынды

751

 "Қара" тізімдегі жолаушыларға ұшуға тыйым салынды

"Қара" тізімдегі жолаушыларға ұшуға тыйым салынады. Мұны  "Эйр Астана" өкілдері мәлімдеді. Өйткені, биылдың өзінде 11 адам 2-деңгейден жоғары санаттағы бұзақылық жасаған. Дәлірек айтсақ, ұшу кезінде кейбір жолаушылар темекі шегіп, балағат сөздер айтып, ұшу инструкциясына қарсылық білдіріп, телефонды пайдаланған. Осылайша, әуе компаниясы ашылғалы бері деструктивті қылық көрсеткен 23 адамды "қара" тізімге енгізіпті. Ал жыл басынан бері жолаушылылардың бұзақылық әрекеттерге жол беруі 140 рет тіркелген. Сөйтіп, бұзақылардың кесірінен жаңа жылдан бері 14 рейс тоқтатылған. Әлемдік стандарттармен салыстырғанда бұл өте жоғары көрсеткіш. Ал бір рейстің ұша алмай қалуының салдарынан компанияға 200 мың долларға дейін шығын келген.  Айта кету керек, әуе кемесі командирінің айтқанын орындамаған адамға 3-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу