"Каспий құбыр Консорциумы-К" ЭКСПО-2017 көрмесіне демеушілік етеді

1154

"Каспий құбыр Консорциумы-К" ЭКСПО-2017 көрмесіне демеушілік етеді

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен "Каспий құбыр Консорциумы-К" АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс бойынша орынбасары Қайыргелді Қабылдин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  Мұнай тасымалдау бойынша аса ірі әлемдік жобалардың бірі КҚК ЭКСПО-2017 көрмесінің корпоративтік қатысушысы болып, демеушілік көмек көрсетеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов консорциумның алда өткелі отырған көрмеге қатысуының маңызы жоғары екендігін атап өтті. "КҚК-ның ЭКСПО-2017 ұлттық жобасының демеушісі болуды ұйғарғандығы бізді аса қуантады. Бүгінде әлемнің көптеген аса ірі компаниялары біздің әріптестеріміз бен демеушілеріміз болып отыр – олар, мысалы, SHELL, Chevron, CISCO, Samsung, General Electric, сонымен қатар бірқатар қазақстандық компаниялар. Демеушілік бойынша 125 млн  евро жиналып та қалды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біз сіздермен меморандумға қол қойып отырмыз", – деді Ахметжан Есімов. 15 жылдай уақыт бойы, 2001 жылдан бастап каспийлік құбыр арқылы  Қазақстаннан сыртқы нарықтарға жарты миллион тонна мұнай экспортқа шығарылды. "КҚК алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі демеушілерінің біріне айналатын меморандумға қол қою мүмкіндігіне ие болғанымызға біз қуаныштымыз. Біз корпоративтік қатысушы ретінде көрме жұмысына белсене қатысатындығымызға сенеміз және де  бүгінде біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз үлесімізді қосып жатырмыз. Біз көрменің табысты өтетіндігіне шын ықыласпен сенеміз", - деп атап көрсетті Қайыргелді Қабылдин. ХКБ (Халықаралық Көрмелер Бюросы) бекіткен Тіркеу ісіне сәйкес, "Астана-ЭКСПО-2017" демеушілік бағдарламасы бойынша 147 млн еуро тартуы қажет. Демеушілік санаттары 10 000-нан 15 000 000 евроға дейін ауытқиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу