"ҚазАгроҚаржы" бұрынғы лизинг шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерін төмендетеді

1006

"ҚазАгроҚаржы" бұрынғы лизинг шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерін төмендетеді

"ҚазАгроҚаржы" АҚ таяуда мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың лизингісіне пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы хабарландырумен қатар, 2016 жылы бұрын жасалған қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету жөнінде жариялады, деп хабарлады "ҚазАгро" компаниясының баспасөз қызметі.
Мұндай шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету туралы жаңа шешім компанияның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бұрын жасаған 46 144 млнтеңге сомасына  1 523  шарттарын қозғайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың алдағы көктемгі-егіс  және егін жинау жұмыстарының қарсаңында, "ҚазАгро" ұлттық холдингінің құрылымындағы компания – "ҚазАгроҚаржы" АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтың лизингісіне пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендету жөнінде жариялады.
Мұндай мүмкіндік 2016 жылы Ұлттық қордан қаражатты жоспарлы тартудың болмауы, меншікті қаражат сомасы мен үлесінің ұлғаюы, сондай-ақ компания үшін нақты тарту мөлшерлемесінің төмендеуі нәтижесінде, 2016 жылға инвестиция көздерін қорландырудың нақты безбенделген орташа құнының төмендеуіне байланысты пайда болды деп атап өткен жөн.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ-да айтып кеткендей, несие комитетінің оң шешімі қабылданған жағдайда, бұрын жасалған қаржы лизингі шарттарына қосымша келісімдер жасалатын болады. Бұл мәселе бойынша компанияның Астана қаласындағы Орталық аппаратына немесе бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш жасауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу