"ҚазАгро" 10 жыл ішінде АӨК-ті қолдауға 2,3 трлн теңге бағыттады

1016

"ҚазАгро" 10 жыл ішінде АӨК-ті қолдауға 2,3 трлн теңге бағыттады

10 жыл ішінде елдің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) қолдауға Холдинг 2,3 трлн теңгеден астам қаражат бағыттады.

Егер, алғашқы жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға біз 116 млрд теңге бағыттаған болсақ,  соңғы жылдары жыл сайын шамамен 300 млрд теңге бағыттаймыз. Оның  16%-ы  мемлекеттік қорландыру қаражаты, яғни бюджеттік қаражаттың әрбір 1 теңгесіне холдинг капитал нарығынан 5,4 теңге тартады, деп хабарлады  холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

10 жыл ішінде компания тобының активі 6,6 есеге өсті, меншікті капитал – 3,4 есеге, ал кірісі 2,9 есеге ұлғайды.

Несие қоржынының көлемі 7 есеге өсті және 600 млрд теңге шамасын құрады, ол саланы несиелеудің жалпы көлемінің 43%-ын құрайды. Холдингтің несие қоржынында шамамен 50 мың қарыз алушы бар. Яғни, бүгінгі таңда холдинг агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі кредитор болып саналады.

Холдингтің қызметі маңызды әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз ететінін атап өту қажет –  33,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды және 141,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ оның қызметі агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін қаржыландыруға және өткізу нарықтарына қол жетімділікті жоғарылатуға бағытталған.

Еліміздің барлық ауданында еншілес акционерлік қоғамдары филиалдарының желілері мен аймақтық өкілдіктері бар.

Қаржыландыруға қол жетімділікті жоғарылату бойынша, бүгінгі күні холдингпен 40-тан астам несие өнімдері жүзеге асырылуда, олар агробизнестің түрлі салалық бағыттары мен көлемдерінің қажеттілігіне бейімделген. Несиелеу құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесі  89%-ды құрайды.

Холдингтің еншілес компаниясы – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қолдауымен құрылған несие серіктестіктері жүйесі жылдар бойы (2001 жылдан бастап) өзінің қызметінің тиімділігін дәлелдеді: 12,2 мың тұрақты ауылшаруашылық тауар өндірушісі (АШТӨ) 171 Несие серіктестігінің (НС) құрамына кірді (2001 жылдан бастап қаржыландырудың жалпы көлемі - 162 млрд. теңге) және белсенді түрде қаржыландырылады.  

Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, өндіру, сақтау және өткізуді бірлесіп ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарының бірлестігін кооперативтер құруға ынталандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы, 1,5 мыңнан астам ауылшаруашылық құрылымы мен 3 мың жеке үй шаруашылығы 147 ауылдық кооперативке бірікті, олар 12 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несие алды.

Ауыл халқын жұмыспен қамтуды арттыру және ауылшаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында,  жеке қосалқы шаруашылықтың мүмкіндігін пайдалану есебінен "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ шағын несиелеу өнімдерінің "Игілік", "Береке", "Егiнжай", "Кәсіпкер", "Бірлік" және "Ынтымақ" сияқты  жаңа желілерін әзірлеп, "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" және "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламаларының қаражатын пайдалану арқылы табысты іске асыруда.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы жылдары 100 мыңнан астам шағын несие берді  – бұл ауылдық жердегі банк несиесіне қолжетімділік төмен болған жағдайда маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде, 10 шағын несиенің 9-ын ауыл тұрғындары ҚазАгроның еншілес компаниясы арқылы алады.  

Агроөнеркәсіп кешенін сапалы дамыту және ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсімі үшін кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жарақтандыру жұмысы жалғасуда. Еліміздегі ауылшаруашылық техникасының 72%-ы ҚазАгроҚаржы арқылы сатып алынатынын атап өту қажет. Өткен 10-жылдықта 37 мың бірліктен астам техника сатып алынып, лизингке берілді.

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен шешіледі, оларды екі блокқа бөлуге болады: азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті төмендету және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін дамыту.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу