"ҚазАгро" холдингі аймақ диқандарына 808 миллион теңге бөлді

762

"ҚазАгро" холдингі аймақ диқандарына 808 миллион теңге бөлді

Биыл Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі 4 облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері "ҚазАгро" Ұлттық холдингі желісі бойынша 8 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Республикадағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың негізгі көзі – бюджеттен бөлінген 60 миллиард теңгені "ҚазАгроның" еншілес компаниясы "Аграрлық несие корпорациясы" ұсынып отыр.
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай, республика бойынша 6 айда "ҚазАгро" компаниялары барлық қаражат көздері есебінен 64,6 млрд. теңге сомасында 1301 өтінімді қаржыландырылған. Оның ішінде оңтүстік өңір бойынша  8 млрд. теңге бөлінді. Осылайша холдингтен Оңтүстік Қазақстан облысы диқандарына 2,5 млрд., Қызылорда облысы шаруашылықтарына  808,1 млн, Алматы облысы 521,1 млн, ал жамбылдық шаруалар 137 млн теңге көлемінде қолдау көрді.  
Биыл көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын қаржыландыру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген еді. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауқымын кеңейтіп, оларға қажетті қаржыны барынша қолжетімді ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу