"Қазақалтын" шахтасында кенші жарақат алды

907

"Қазақалтын" шахтасында кенші жарақат алды

Ақмола облысы Бестөбедегі шахтада кенші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 24 желтоқсанда Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" шахтасында орын алды.
"735 блок 13 көкжиегінде 1972 жылғы кенші басынан жарақат алды. Жұмысшыны жер бетіне шығарып, Степногорск қалалық ауруханасына жеткізген", - дейді Степногорск ТЖ департаментінен.
Шахтада опырылу жайты болмаған. Қазір арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның себебін анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу