"Kazakh Invest" ұлттық компаниясына жаңа төраға тағайындалды

1093

"Kazakh Invest" ұлттық компаниясына жаңа төраға тағайындалды

"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасына жаңа төраға тағайындалды, деп хабарлайды invest.gov.kz.

Сапарбек Тұяқбаев "Kazakh Invest" ұлттық компаниясына төраға болып тағайындалды. 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР премьер-министрі кеңсесінде, ҚР президенті әкімшілігінде қызмет еткен.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып істеген, инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.

2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР инвестициялар және даму министрлігі инвестициялар комитеті төрағасының қызметін атқарған.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

Бұған дейін "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін Мақсат Қабашев атқарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу