"Қазақмыс" жұмысшылары мен басшылары арасындағы келіссөздер аяқталды

798

"Қазақмыс" жұмысшылары мен басшылары арасындағы келіссөздер аяқталды

Жергілікті атқарушы мекемелер өкілдерінің қатысуымен "Қазақмыс" жұмысшылары мен басшылары арасындағы келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұрын Оңтүстік - Жезқазған кен орнының №65 шахтасының жұмысшылары өз талаптарын қойған еді.
Еңбек дауын шешу үшін бастамашыл топ жасақталды, оның құрамына кен орынның қызметкерлері арасынан 20 түрлі мамандық иелері енді. 
"Жұмысшылар көтерген әрбір мәселе жеке қаралды. Барлық шешімдер келісілді, барлығы жұмысшылармен келісілді. Мәселе өз шешімін тапты",- деп түсіндірді "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бахтияр Қырықпышев.
Қарағанды облысы әкімдігі келіссөздер барысында қол жеткізілген барлық келісімдердің орындалуына кепілдік беріп отыр.
Қазіргі сәтте "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС барлық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеуде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Қазақмыс" шахтерлары қарсылық акциясына шығып, басшылыққа өз талаптарын қойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу