Азамат Батырқожа "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ның басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.
1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР премьер-министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары — Дүниежүзілік банк жобасы "Технологияларды коммерцияландыру" жобаны басқару тобының директоры.
2014–2017 жылдары — ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.
2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін "Синергия" ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС-де директор қызметін атқарған.