"Қазақстан-Өскемен" арнасының атауы "Altay" деп өзгертіледі

1211

"Қазақстан-Өскемен" арнасының атауы "Altay" деп өзгертіледі

28 тамыздан бастап жүргізілген ребрендинг аясында "Қазақстан" телерадиокорпорациясы жаңа маусымға аяқ басып, жаңа бағдарламалар легін ұсынбақ. Осылайша Ұлттық арнада түрлі бағыттағы ондаған жоба көрермендеріне жол тартады, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Жаңа маусым кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезекте "Қазақстан" ұлттық арнасы, кейін "Казспорт" және "Балапан" телеарналары жаңа форматқа көшеді. Тек содан кейін аймақтық телеарналарда жаңа маусым басталады", – деді Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында "Қазақстан" РТРК" АҚ ШҚОФ директорының м.а. Аида Жабағиева.

Сонымен қатар, ребрендинг аясында аймақтық телеарналардың атаулары да өзгертіліп, "Қазақстан-Өскемен" арнасының атауы "Altay" деп өзгертіледі. Аида Тлеубайқызы айтып өткендей, жаңа маусымда "Altay" телеарнасында да бірқатар жаңа жобалар көгілдір экранға шықпақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу