"Қазақстан темір жолы" компаниясы 1,2 мың вагон сатып алады

3155

ҚТЖ басшылығы осылайша транспорттық паркті жаңартып, билет тапшылығын жоюды жоспарлап отыр.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы 1,2 мың вагон сатып алады

"Қазақстан темір жолы" компаниясы алдағы уақытта әлеуметтік маңызға ие 1200 вагон сатып алады, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған компания басшылығы осылайша транспорттық паркті жаңартып қана қоймай, билет тапшылығын жоюды жоспарлап отыр.

Жазда парктегі барлық вагон қолданыста болады. Тап осы кезде жолаушылардың саны  артатыны белгілі. Айталық, жылына темір жол көлігін 16 миллион адам пайдаланса, соның тең жартысы яғни 8 миллионы жаз мезгілінде қатынайтындар. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның бас директоры Арман Сұлтановтың айтуынша, алдағы уақытта  жолға шығатын жаңа вагондар заманауи үлгіде болады. Сәйкесінше қызметкерлердің де біліктілігін арттыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу