"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін ол facebook-тегі парақшасында жазды.
"Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы — жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор! Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!",- деп жазды ол.
Еске салайық, Кемелбек Ойшыбаев бұл қызметке 2016 жылдың 1 қазанында тағайындалған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу