"Қазатомөнеркәсіп" 15 пайыз акциясын Лондон қор биржасында орналастырды

648

ІРО-ға жалпы 49 шетелдік және 16 отандық заңды тұлға, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2700 азаматы қатысты.

"Қазатомөнеркәсіп" 15 пайыз акциясын Лондон қор биржасында орналастырды

"Қазатомөнеркәсіп" құны 451 млн АҚШ долларын құрайтын өзінің 15% акциясын Лондон қор биржасында орналастырды, деп хабарланды "Самұрық-Қазына" АҚ-дан.

Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті. Өтінімдер 769 млн АҚШ долларына берілді. Бұл өз кезегінде шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығы жоғары екендігін білдіреді.

Орналастырылған акциялардың/ҒДҚ көлемі – 38 903 491 дана немесе "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК акцияларының 15%-ы. Қазақстандық инвесторлар орналастырылған құнды қағаздардың жалпы көлемінен 47,5%-ын сатып алды. Орналастырылған акциялардың көлемі  451 млн АҚШ долларына бағаланған.

"Әлемдік қор нарықтарында қазан айының басынан бері құбылу байқалғанымен, біз өзіміздің алға қойған міндетімізді орындадық және IPO-ға шықтық, себебі бұдан өсімнің ұзақмерзімді перспективасын көреміз. Қазатомөнеркәсіп – Лондон биржасында (LSE) да, АХҚО (AIX) да халықаралық ІРО шығып жатқан тұңғыш квазимемлекеттік компания. Жария компания мәртебесі Қазатомөнеркәсіпке инвесторлар үшін барынша жариялы және түсінікті болуына мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" басқармасы отырысында.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның IPO – ҚР үкіметімен 2016 жылы қабылданған мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасының бірінші негізгі элементі. Бағдарлама елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес мемлекеттің экономикадағы үлесін ЖІӨ-нің 15% дейін қысқарту бойынша белгілеген міндеті аясында жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу