"Қазатомөнеркәсіп" Areva-ның 11% акциясын сатып алуы мүмкін

976

"Қазатомөнеркәсіп" Areva-ның 11% акциясын сатып алуы мүмкін

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы өзге екі компаниямен бірге француздың Areva компаниясы акцияларының 11%-ын сатып алу туралы келісссөздер жүргізуде. Мәміле құны – 400 млн еуро.  BFM Business мәліметтері бойынша, қытайлық  CNNC, жапондық Mitsubishi Heavy Industries (МНІ) және "Қазатомөнеркәсіп"  әрқайсысысы  400 мың еуродан төлеп, Areva акцияларының  11%-ына иеленбекші.  Ал Францияның компаниядағы үлесі 67% құрайды. Келіссөздер  әлі екі-үш аптаға созылуы мүмкін, деп хабарлайды басылым.

Дей тұрғанмен, "Қазатомөнеркәсіп" өкілдері болса, компанияның  ынтымақтастықты кеңейту үшін кез келген сыртқы әріптестікке даяр екенін мәлім етті.

"Ол тек компанияның мақсаттары мен стратегиялық міндеттеріне сәйкес келуі тиіс", деп атап өтті компания өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу