"Қазатомөнеркәсіп" басшысы Елбасына 9 айдың қорытындысын баяндады

812

"Қазатомөнеркәсіп" басшысы Елбасына 9 айдың қорытындысын баяндады

Кездесуде "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы айтып берді.

Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті.  

– Біздің міндетіміз – толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Елбасыға Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғаны және қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады.

Бұған қоса, А.Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер және бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ  компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу