"ҚазАвтоЖол" филиалы мен "Павлодар жол зертханасы" басшылығы үстінен іс қозғалды

741

"ҚазАвтоЖол" филиалы мен "Павлодар жол зертханасы" басшылығы үстінен іс қозғалды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы мен "Павлодар жол зертханасы" басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабына сәйкес тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлім етті.

"Қазіргі таңда облыстық "ҚазАвтоЖол" филиалы мен "Павлодар жол зертханасы" автомобиль жолдары комитеті басшылығына қатысты мердігерлік ұйымдардың жетекшілерінен "Астана - Павлодар" жолын қалыпқа келтіру бойынша атқарылған жұмыс актіне қол қою үшін бірнеше мәрте пара алды деген күдікке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл учаске "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Заңға қайшы әрекет биылғы жылдың жаз және күз мезгілінде жасалған. Қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің кейбір мәліметтерін жария ете алмаймыз",- деді Дархан Құрақбаев.

Еске сала кетейік, "ҚазАвтоЖол" ҰҚ Павлодар облысы бойынша АҚ бөлімшесі директорының орынбасары Амантай Қасымханов "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Орталық-Шығыс" аймағындағы көлік жолдарын қайта жаңғыртуға бөлінген 3 млрд теңге қаржы жымқырды деген күдікпен тұтқындалған. Оған ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша айып тағылған: "Соңына дейін аяқталмаған қылмыс жасауға оқталу", "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" және "Аса ірі көлемде алаяқтық жасау".  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу