"Қазхром" бірде-бір жазатайым оқиғаға жол бермеді- "Қазхром" ТҰК" АҚ

840

"Қазхром" бірде-бір жазатайым оқиғаға жол бермеді- "Қазхром" ТҰК" АҚ

2017 жылы "Қазхром" рекордтық көлемде хром кені мен ферроқорытпа өндірді. Компания өз жұмыскерлерімен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алуда жетістікке жетті және жергілікті қоғамдастыққа 57 млн  АҚШ долларынан астам әлеуметтік инвестиция құйды. Яғни бұл 2016 жылғыдан 80% ұлғайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2017 жылы "Қазхром" шамамен 5,6 млн тонна хром кенін өндірді (алдыңғы жылдан 15%  артық) және 1,6 млн тоннадан астам ферроқорытпа шығарды (алдыңғы жылдың көрсеткішінен 8% артық). Феррохром тот баспайтын құрыштан қосындыланған және коррозияға төзімді болаттың әр түрін өндіруде қолданылады. 

 "Біз 2017 жылдың жетістіктеріне мақтанамыз, өйткені біз хром кені мен ферроқорытпалардың рекордтық көлемін шығардық. "Қазхром" әлемдегі ұзақ мерзімді шығындардағы феррохром өндірісінің ең тиімді өндірушісі болып табылады және ең жоғары сапалы хром кенінің ең мол қорына ие. Бұл феррохромға өсіп келе жатқан әлемдік сұранысты қамтамасыз етеді", – деп атап айтты Еуразиялық Топ" ЖШС  басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Өткен жылдың жетістігі өндірістің рекордтық көлемімен шектелмейді. Ең басты басымдық –  еңбек қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету. 2017 жылы "Қазхром" өз жұмыскерлері арасында қайғылы жағдайға әкелетін бірде-бір жазатайым оқиғаны болдырмады.

Компания корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасын кеңейте отырып,  өзінің қатысуымен өңірлерде жергілікті қоғамның тұрақты дамуына инвестиция құюды жалғастыруда. 2017 жылы әлеуметтік инвестицияның көлемі  57 млн АҚШ долларына жетті. Бұл 2016 жылдың деңгейінен 80% жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу