"Қазхром" ТҰК" АҚ Хромтау қаласындағы (Ақтөбе облысы) "Бірінші май" жаңа кен орнын іске қосты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Бірінші май" кен орнының қоры 3 млн тоннадан астам хром кенін құрайды, ол Дон тау-кен байыту комбинатында іске қосылды. Кен орны "Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" атындағы шахта алаңында орналасқан", – делінгенкомпанияның ақпаратында.
Компанияның жоспары бойынша, кен орнында жылына 300 мың тонна кен өндірілмек. Кен орны 2025 жылға дейін пайдаланылады.
"Кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік болып табылады және аталғантау-геологиялық жағдайларда жұмыс істеу тәжірибесі келешекте "Қазақстантәуелсіздігінің 10 жылдығы" атындағы шахтадағы кезекте тұрған екінші кен орнынигеруде септігін тигізеді. Бұл шахтаны одан әрі тиімді пайдалану үшін жәнежылына 6 млн тоннаға дейін өнім алу үшін қажет", – деген Дон ТКБК директорыМарал Бекеевтің сөзі келтірілген хабарламада.
Дон ТКБК, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауытын біріктірген "Қазхром" АҚ EurasianRecourses Group (ERG) холдингінің құрамына кіреді.