"Қазмұнайгаз"-дың еуропалық бір облигациясының құны 200 мың доллармен саудаға қойылған. Қазақстан қор биржасының "Skybridge Invest"-ке сілтеме жасап таратқан ақпаратына қарағанда, құнды қағаздар есебінен келген кіріс 5 жылға 3,95%-бен белгіленіп отыр екен. 10 жылдағы табыс 4,875% болмақ. Облигациялар мерзімі – 30 жылға жасалыпты. КАSЕ мәліметіне сәйкес, әзірге қабылданған өтініштер 9,2 млрд долларды құраған. Биржа арқылы оның 25,1 млн доллары түссе, қанағаттандырылғаны 2,75 млрд доллар болып отыр. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы еурооблигацияларды 11 сәуірде саудаға шығарған-ды.
Автор: Құралай Пионер
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу