"ҚазМұнайГаз" ЖМҚС желісі көктем мен көктемгі мерекелер қарсаңында дизель отыны бағасын төмендеткелі отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.
28 ақпаннан бастап "ҚазМұнайГаздың" барлық желілерінде дизель отынының құны литріне 128 теңгені құрайтын болады.
Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз Клуб" клуб картасының иелеріне қосымша жеңілдіктер қарастырылған.
"Айына 150 литрге дейін сатып алған кезде Сіз литріне 1 теңге, 150-ден 349 литрге дейін – литріне 2 теңге, ал айына 350 литр сатып алған кезде литріне 3 теңге жеңілдік аласыз", - делінген таратылған ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу