"Қазмырыш" мырыш өндіруді 0,3%-ға арттырды

1476

"Қазмырыш" мырыш өндіруді 0,3%-ға арттырды

Glencore компаниясының есебінде  "Қазмырыш" ЖШС 2016 жылы 305,5 мың тонна мырыш өндірген, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 0,3%-ға артық болған деп көрсетілген, деп хабарлайды "Интерфакс".

Былтырғы жылы дербес шикізаттан өндірілген мырыш 2015 жылмен салыстырғанда 3%-ға,187,6 мың тоннаға дейін төмендеген. Мыс өндіру 9,6%-ға дейін артып, 68,2 мың тоннаға дейін жеткен. "Қазмырыш"компаниясының өзіміздің шикізаттан өндірген мысы есептілік кезінде 3,9%-ға дейін артып, 53,9 мың тоннаны құраған.

Былтырғы жылы компания дербес шикізаттан 658 мың унция көлемінде алтын өндірген, бұл 2015 жылғыдан 2,4%-ға аз. Өз шикізатымыздан алтын өндіру 521 мың унцияны құраған.

Өз шикізатымыздан қорғасын өндіру 44 мың тоннаны құраған, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 1,7 есе үлкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу