"Қазмырыш" Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 5 млн катодты мыс табағын шығарды

953

"Қазмырыш" Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 5 млн катодты мыс табағын шығарды

Шығыс Қазақстандағы "Қазмырыш" кәсіпорны жаңа жылдан бастап Қарағанды облысындағы "Жәйрем полиметалдары" жобасын жүзеге асырмақ. Бұл өз кезегінде 400 млн доллар инвестиция тартуға мүмкіндік береді. 20 мың адам еңбек ететін кәсіпорынның кен орындары еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан. Оның ішінде ТМД бойынша түсті металл өндіретін жерасты Малеев кен орны бар, деп хабарлайды 24 Хабар.

Сонымен қатар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз технологиямен салынған инновациялық мыс балқыту зауыты да осы мекемеге тиесілі. Қазір онда 23 түрлі өнім өндіріледі. Кәсіпорын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 5 млн катодты мыс табақтарын шығарды.

"Зауыттың құрылғанына небәрі 5 жыл болса да, біз айтулы нәтижеге қол жеткіздік. Қыруар инвестиция құйылды. Өнімділік көлемін арттырып, әлемдік жетекші өндірушілермен иық тірестірдік. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қосар үлесіміз әлі де арта береді", – деді мыс зауытының директоры Дмитрий Тилиляев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу