"KazSat-2R" "КаzSat-2" жерсерігін алмастырады

846

"KazSat-2R" "КаzSat-2" жерсерігін алмастырады

2023 жылға дейін Қазақстан жаңа жасанды жерсерігін орбитаға ұшырады деп  мәлімдеді қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ғарыштық байланыс орталығының мамандары.

Жасанды жерсерігі "KazSat-2R" деп аталады. Жаңа жасанды жерсерік қазіргі қолданыстағы "КаzSat-2-ні" алмастыруға арналған. Мұның қуаты едәуір артық. Ол еліміздегі 4 мың телерадио, байланыс және спутниктік желілерді қамтиды.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасында көп тапсырмалар бар. Оны орындау үшін бізге жаңа жерсерік қажет. Қазір ғарышта Қазақстанның "KazSat-2" және "KazSat-3" атты екі жерсерігі бар. Олар жер шарынан 39 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Екі жерсерік "Аққөл" және "Көктерек" атты ғарыштық байланыс орталықтары арқылы басқарылып отыр", – деді республикалық ғарыш орталығы президентінің орынбасары Бауыржан Құдабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу