"KazSat-3" үш жылда хабар тарату кеңістігін айтарлықтай кеңейтті

862

"KazSat-3" үш жылда хабар тарату кеңістігін айтарлықтай кеңейтті

Орбитадағы "KazSat-3" ұлттық байланыс және хабар тарату спутнигіне 3 жыл толды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

"2014 жылғы 28 сәуірде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "KazSat-3" ұлттық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылған болатын. "KazSat-3" спутнигін пайдаланымға беру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды сәт болды", - деп атап өтілген хабарламада.

Өзіміздің ұлттық байланыс және хабар тарататын спутнигіміздің болуы тіркелген спутниктік байланыс арналарында еліміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, шетелдерге кететін ақшалай қаражат ағымын азайтуға мүмкіндік береді.

"KazSat-3" ұлттық спутнигінің ресурстарын қолданысқа берген 3 жыл ішінде 9 мемлекеттік орган мен коммерциялық ұйым пайдалануда. Өткен жылы шетелдік байланыс және хабар тарататын ғарыш аппаратын отандық Қазақстан Республикасының ұлттық телеоператорларына көшіру толығымен аяқталған болатын.

Бүгінде "KazSat-3" спутнигінің негізінде Қазақстанның барлық аумақтары бойынша SD, HD, UHD форматында сандық телерадиохабар қамтамасыз етілді.

"Қазтелерадио" АҚ телерадиохабар саласындағы ұлттық оператор қазіргі уақытта "OTAU TV" спутниктік телерадиохабар бағдарламаларының пакетін трансляциялайды.

Министрліктің хабарлауынша, "KazSat-3" спутнигін жасау кезінде аппараттың берілген сипаттамасын және сенімділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық шешімдер қолданылған болатын. Бүгінде спутниктің қамту аймағы Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Түрікменстанның, сонымен қатар Ресейдің Орталық бөлігінің аумақтарына таралған.

Аталып өткендей, Ғарыш аппаратын басқаруды Ақмола облысындағы "Ақкөл" қаласындағы Ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенінің және Алматыдағы "Көктерек" Ғарыш аппараттарын басқару резервтік кешенінің жаңа техникалық құралдарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-тың ("РҒБО" АҚ) жоғары білікті мамандары жүзеге асырады.

"РҒБО" АҚ ұжымы еліміздің тәуелсіз телекоммуникациялық нарығы одан әрі дамыту үшін "KazSat" байланыс және хабар тарату спутниктерінің қазақстандық ұлттық топтамаларын дамыту бойынша жұмысты белсенді жалғастырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу