"Қорғас" сауда орталығында қордаланған мәселе шешімін таппай келеді

1096

"Қорғас" сауда орталығында қордаланған мәселе шешімін таппай келеді

"Қорғасқа" сауда жасауға барғандар кері қайта алмай, жолда қалып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қытаймен екі ортадағы "Қорғас" халықаралық сауда орталығында қордаланған мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. Жұрт ақшасын төлеген автобусқа қайтарда сыймай, жүгімен далада қалатындарына наразы. 
Қазақ-қытай шекарасындағы халықаралық сауда орталығына күн сайын орташа есеппен 2 мыңға жуық адам барады. Сауда орталығына барып қайтудың құны - 1,5 мың теңге. Бірден екі бағыттың билетін алуға міндеттісіз. 
Ал халықаралық орталықтың басшылығы көктемде әуежайдағыдай жүкті өткізіп, арғы беттен күтіп алатын жүйені іске қосамыз дейді. 
"Олар кезексіз өтеді. Туристік топтарға арнайы дәліздер қарастырылған. Алдын ала келетін және қайтатын уақыттарын ескертуге тиіс. Әрине, қызмет құны сәл қымбат болуы мүмкін. Бірақ, уақыттарын жоғалтқысы, кезекте тұрғысы келмейтіндер гидтердің қызметін пайдаланады", - дейді "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы АҚ президенті Қаһарман Жазин.
Жаңа жүйе көктемде іске қосылуға тиіс. Қазіргі ескі 25 автобустың орнын заманауи 50 қоғамдық көлік басады деп күтіліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу