"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылды

742

"Шұбаркөл көмірге" 3000 ашық вагон бекітілген болса, Қаражырадан-2300, "Богатырь көмір" кен орнынан тасымалдауға 2000-нан аса ашық вагон жұмылдырылған.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылды

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылды. Бұл туралы  "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорының м.а. Қайрат Сәуірбаев айтты, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Оның мәлімдеуінше, "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, қозғалысы жағынан да, бастапқы және соңғы операциялары жөнінен де вагондар айналымын орындау, жүк жөнелтушілер өтінімдеріне сай қызметпен қамтамасыз ету бойынша тәуліктік бақылау қойылды. Сонымен қатар ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

Көмір өндірушілерге "KTZ-Express" АҚ-ның қолданысындағы вагондар паркі бекітілген. Осылайша, "Шұбаркөл көмірге" 3000 ашық вагон бекітілген болса, Қаражырадан-2300, "Богатырь көмір" кен орнынан тасымалдауға 2000-нан аса ашық вагон жұмылдырылған.

2018 жылы 106,5 млн.тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін 71,9 млн тонна, болжам жасалған көлем 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға артық.

Осы жылдың 7 айында "ҚТЖ" ҰК" АҚ бойынша 56 млн тоннадан астам көмір тиелген. Соның ішінде республика ішінде 34,4 млн тоннадан көп тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,6%-ға артық. Қазақстандық тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 4,5 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу