"Квиконте" квинтеті камералық залда рет жеке концерт қояды

757

"Квиконте" квинтеті  камералық залда рет жеке концерт қояды

"Квиконте" квинтеті 21 ақпанда "Астана Опера" Камералық залында алғаш рет жеке концерт береді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. Ұжымның шығармашылық қызметінің негізі, театрдың Камералық залының түрлі концертіне қатысу болып табылады. "Жеңіл леп" атты концертте қазақ, орыс және шетел композитор-классиктерінің туындылары ұсынылады. "Квиконте" ұжымы айтарлықтай жас, оған әлі төрт жыл да болған жоқ, бірақ оның құрамындағы музыканттар - шығармашылық жағынан толық жетілген тұлғалар, кәсіби аспапшылар. Олардың барлығы - Алексей Косырев (флейта), Дәмиля Мәхпірова (гобой), Алмас Тоқпанов (кларнет), Әсет Нелдібаев (фагот), Марат Қоныспаев (валторна) жоғары марапат иегері, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Квинтеттің бүкіл репертуарын сүйіп тыңдайтын өз табынушылары бар.

Кеште аспапшылармен бірге өнер көрсететін олардың вокалист-әріптестері: театрдың жетекші солисттері, опера сахнасының жұлдыздары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина, Гүлжанат Сапақова және Татьяна Вицинская (меццо-сопрано); Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев (баритон). Ансамбль музыка классиктері мен қазіргі авторлардың да шығармасын ұсынады.

Бағдарлама жөнінде "Астана Опера" Симфониялық оркестрі флейта тобының концертмейстері Алексей Косырев толығырақ әңгімелеп берді. - Бұл квинтеттің "Астана Опера" сахнасындағы алғашқы жеке концерті. Біз қатты қобалжудамыз, өйткені таңдалған шығармаларды орындау айтарлықтай күрделі. Көрермен назарына ансамбльге арнайы жазылған туындылардың түпнұсқалары ғана емес, квинтеттің орындауына қызықты етіп салынған танымал оркестрлік пьесалар мен опералық ариялар да ұсынылады. Концерт бағдарламасы аса мұқият таңдалды. Кешті Э. Григтің әйгілі "Тау королінің үңгірінде" туындысы ашады. Бағдарламада сонымен қатар солисттер орындайтын Ж. Бизенің "Кармен" операсынан сюита бар, өйткені операдағы басты кейіпкер Карменнің дауысы меццо-сопрано, бұл партияны үш меццо кезекпен орындайды, ал олармен бірге сахнада баритон Тореадор бой көрсетеді. Квинтетке салынған "Неморино" романсы орындалады. Сондай-ақ біз тыңдарманға Д. Лигетидің әсерлі, әдемі, дей тұрғанмен күрделі "Ішекті аспаптар квинтетіне арналған алты багатель" шығармасын ұсынамыз. Біз мұнымен шектелмейміз: көрерменді музыкалық тосын сый күтеді, - деді Алексей Косырев.

 Елордалық тыңдарман назарына ұсынылатын тағы бір тосын сыйдың бірі - Бақтияр Құсайыновтың "Серуен" атты қазақтың аспапты шығармасының тұсаукесері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу