"Мектебіме тағзым" жобасы аясында 71,5 миллион теңге жиналды

1295

"Мектебіме тағзым" жобасы аясында 71,5 миллион теңге жиналды

Павлодар облысында "Мектебіме тағзым" жобасы аясында 71 миллион 400 мың теңге қаржы жиналған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы "Мектебіме тағзым" жобасының Павлодар облысы бойынша басшысы Гүлмира Нұрханова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Туған жер" бағдаралмасы аясында 2017 жылы 25-мамыр күні облыста "Мектебіме тағзым" акциясы бастау алғаны белгілі, - деді Гүлмира Нұрханова. - Облыс бойынша 515 түлек белсенді қатысып, өңірдегі 300 мектептің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Бұл Қазақстан бойынша Павлодар өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан бірегей жалғыз жоба. Мұндағы басты мақсат - бүгінде өмірден өз орнын таба білген үлгілі түлектерді өздері түлеп ұшқан білім ордаларына қайырымдылық шараларын жасауға тарту, білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық жобалар арқылы меценаттықты және қазақстандық патриотизмді дамыту. 

 Спикердің айтуынша, ең алдымен табысты түлектер мен мектептің қажеттіліктері туралы арнайы база құрылып, кездесулер ұйымдастырылып, хабарламалар жіберілген. Нәтижесінде білім ордаларының спорт және мәжіліс залдары, оқу кабинеттері жөнделіп, көріктендіру жұмыстары жүргізілген, ағаштар отырғызылып, компьютерлер мен оқушылар жиһазы сатып алынған және рообот техникасы мен шахмет кабинеттері ашылды.

"Оқу жылы барысында түлектер бүгінгі күні қол жеткізіп отырған жетістіктері мен табысты болудың құпиясы жайлы айтып, оқушылармен тәжірибе бөліседі. Мұның барлығы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне өз септігін тигізері сөзсіз. Мәселен, "Нұр Отан" партиясы Павлодар облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко № 39 мектепке жаңа форматта музыка кабинетін ашып берсе, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішенбаев Май ауданы Көктөбе мектебіне компьютер кабинетін сыйға тартты. Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев өзі оқыған № 7 мектепке қана көмек көрсетіп қоймай, Сарышығынақ жалпы орта білім мектебіне 1 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аталмыш акцияға белсенді қатысқан азаматтар өте көп. Олардың кейбіреуі атқарған істері жайлы жасырын қалғанын қалайды. 2-қыркүйек күні толық қорытындысы шығарылады", - деді Гүлмира Нұрханова.

Еске сала кетейік, тың жобаның жүзеге асырылуын алғашқы болып қолдағандардың бірі – "Нұр Отан" партиясының Павлодар облыстық филиалы. Ақбота Сейсенбаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу