"Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды

1875

"Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы басталды

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалғанда 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде дәстүрлі "Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткізетінін жариялайды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Ағымдағы жылы министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы "Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!" ұранымен өткізілуде.

Акцияның басты идеологиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, пәтерлерді аралау арқылы анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылады.

Еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылуға және қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуге, сондай-ақ  мектепке өз жолын табуға қол үшін беруге шақырамыз.

Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу