"Ниет" байқауының бас жүлдесіне 1 миллион теңге беріледі

944

"Ниет" байқауының бас жүлдесіне 1 миллион теңге беріледі

Әлеуметтік роликтің үздік сценарийіне арналған "Ниет" байқауы жарияланды. Бас жүлдеге 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады, деп жазады Today.kz.

Екінші орынға Apple MacBook, үшінші орынға Canon цифрлық камерасы тігілген. Жүлделі орын иеленбеген 10 үздік жұмыс ақпарат және коммуникациялар министрлігінің әлеуметтік роликтеріне арналған идеялар базасында сақталады, ал олардың авторлары 30 000 теңге көлемінде сыйақы алады.

"Менімен бірге байқаудың қазылар алқасына "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова, Қазмедиа медиамектебінің директоры Махаббат Есен және Standard Life акционері Дәурен Күмпейісов қосылып отыр", - деп жазды Дәурен Абаев. 

Байқауға кез келген адам қатыса алады. Толық ақпаратты bestidea.kz сайтынан білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу