"Нұрлы жер" бағдарламасының талабы өзгереді

1303

"Нұрлы жер" бағдарламасының талабы өзгереді

Инвестициялар және даму министрлігі "Нұрлы жер" бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы аталған министрлікке қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, қазір бағдарлама қаржысын тиімді пайдалану тетіктері қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, "Нұрлы жер" бойынша жыл соңына дейін 10 миллион 100 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Бұл – шамамен 99 мың пәтер. Әзірге 7 миллион 900 мың шаршы метр баспананың құрылысы аяқталды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қалған пәтерлер де уақытылы беріледі.

"Несиеге берілетін үйлерге байланысты мемлекет есебінен 22 мыңнан аса пәтер салынады. Бағасы – 140 мың теңге. Өңірлерде шаршы метрі – 180 мың теңге. Ол Алматы, Астана және Ақтау, Атырау қалаларында. Одан басқа біз облыс орталықтарында пилоттық режимде коттедж қалашықтар салып жатырмыз. Ол жерде баға – 120 мың теңге. Мұндай баға нарықта жоқ деп айтуға болады", - дейді  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу