"Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешені архитектуралық "Оскарға" ұсынылды

993

"Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешені архитектуралық "Оскарға" ұсынылды

"Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешені әлемдік сәулет WAF-2017 фестивалінің "Көлік" аталымына ұсынылды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оны өз кезегінде архитектуралық "Оскар" деп те атайды. Tabanlıoğlu Architects – сәулет бюросының өте қатаң іріктеуінен өтіп, беделді аталымдардың тізіміне кіру оңай емес.

Архитектуралық аталымға Астана вокзал кешенінен басқа 13 инфрақұрылымдық нысан бар. Олардың қатарында Värtaterminalen паром терминалы, Т.Брэдли атындағы Лос-Анджелес халықаралық әуежайының терминалы, Salvador Bahia метросы, морской терминал Salerno теңіз терминалы бар.

"Нұрлы жол" вокзал кешені ТМД елдеріндегі баламасыз сәулет туындысы болып табылады. Әлемдегі соңғы жылдары салынған заманауи теміржол вакзалдарының бірі. Вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға барады.

Жаңа вокзалды жобалау барысында халықаралық сарапшылар командасы ғимаратты конкордты теміржолдың үстіне орналастырды. Бұл өз кезегінде ноу-хау вокзал ғимаратының орналасуы болып табылады. "Вокзал-көпір" жағалаудан өрлеп келіп көтеріледі. Кеңістікті тиімді пайдалану үлгісі.

Архитектуралық WAF фестивалі жылма-жыл өткізіліп келеді. Ол – кәсіби сәулеткерлер мен дизайнерлер арасындағы беделді әрі басты сыйлық. Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік танымалдыққа ие болып, түрлі жеңілдіктерді пайдаланады. WAF-2017 фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 15-17 қарашада Берлинде өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу