Жолаушыларды отырғызу және түсіруде қолайлы жағдай жасау үшін теміржол вокзалына жақын жүретін автобустардың келу-кету бағыты өзгертілді, деп хабарланды әкімдіктің ресми сайтында.
Қазіргі таңда "Нұрлы жол" вокзалы аймағында 11 бағдар бар. Бұл жұмыстарды "Қазақстан Темір жолы" АҚ бірлесіп орындаған. Теміржол вокзалына келген жолаушылар мен автобус күтушілердің аялдамаға дейін жолы айтарлықтай қысқарды. Оған қоса, елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін эскалатордың санын көбейтіп, жолаушылар мен жүк тасымалдайтын лифтілерді іске қосылды.
Қолданыстағы 52 эскалаторға 12 эскалатор қосылды, бұл адамдардың бірінші қабаттан бірден үшінші қабатқа шығып, түсуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ "Нұрлы жол" вокзалының ғимаратында қазір 26 лифт жұмыс істеп тұр, оның 6-уы жолаушылар, 4-уі сыйымдылығы үлкен жүктерге арналған.