"Oppo" озды, "iPhone" қалды

806

"Oppo" озды, "iPhone" қалды

Бес жылда бірінші рет "iPhone" Қытайда ең танымал смартфон деңгейінен түсті. Оның орнын "Oppo" маркасы басты. Бұл туралы "Counterpoint Research" сараптама компаниясы хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

2016 жылы көшбасшы "Oppo R9" болды. "Oppo" маркасынан 17 млн құрылғы сатылған. Бұл жалпы Қытай нарығының 4%. "iPhone 6s" сатылымы 12 млн-ды құрады. Ол жалпы нарықтың 2%. Сарапшылардың мәліметінше, Қытай 2016 жылы смартфон саудасы тарихында ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Сонымен қатар сарапшылар "Oppo", "Vivo" және "Huawei" сынды негізгі қытайлық смартфон өндірушілерінің саудасы сәйкесінше 109, 78 және 21%-ға  өскенін айтады. Ал "Apple" мен "Xiaomi"-дің көрсеткіштері керісінше 21-22%-ға төмендеді.

Тұтынушылар үшін негізгі параметр жылдам қуаттау құрылғысының болуы, OLED-дисплей, аккумулятордың ұзаққа жетуі және екі камерасының болуы. "iPhone 6s"-тің мұндай мүмкіндіктері болмады, ал "iPhone 7" сатып алушылар үшін өте қымбат болды. Мамандар 2017 жылы "iPhone 8" шықса, Apple жұмысы қайтадан жақсарады деп жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу