"Оргстрой" кәсіпорны Жамбыл облысында мәрмәр өндірісін жаңғыртуға 256 млн теңге инвестиция құяды

1283

"Оргстрой" кәсіпорны Жамбыл облысында мәрмәр өндірісін жаңғыртуға  256 млн теңге инвестиция құяды

"Оргстрой" ЖШС Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы мәрмәр өндірісін жаңғыртпақшы, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Жаңа технология бойынша жаңғырту мен өндіру" жобасының құны  256 млн теңге. Өндірістің қуаттылығы жылына 10 мың текше метрді  құрайды.
Кәсіпорын  1993  жылы құрылған.  Негізгі қызметі мәрмәр өндіру және оны өңдеу. Негізгі тауары – Желтау кен орнының мәрмәрінен әзірленген блоктар, сондай-ақ қабырға блоктары, тақтайшалар, бордюр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу